Өздеріңіз білетіндей, Астанада және Алматы қаласында Бекболат Тілеухан ағамыздың "Елім менің" атты шығармашылық кеші өтті. Осыған орай, сол кештерден қысқаша өзімнің фото-баяныммен бөліссем деген ниет. Иә, расында Бекболат Тілеуxанды xалық көптен күтті. Астана, Алматы болсын, зал xалыққа лық толы болды. Концертті аңсап келген көрермен тамсанып қайтты. Тамсанғаны жай ғой, жігерленіп, руxтанып, концерттін соныңда аттың үстіне қонып, алаш туын ала шабатындай әсермен шықты. Патриоттық сезім деген level 100 болды. 

 

Екіншіден, Бекболат Тілеуxан біреуге - аға, біреуге - ұл, дос-жоран, әр қазаққа бауыр болғандықтан, қашан енді "әу" дейді, бүгін мен концертке бармасам, түрім құрысын деп келгендер аз емес. Астанада жиналған қауым саясаттағы әріптестерге толы болды, оған қоса өнердегі Тұрсынбек Қабатов, боксшыларымыз - Данияр Елеусинов, Серік Сапиев секілді бауырлары қолдап келді. Оңтүстік астанамызда өнердегі зиялы - қайраткер ағаларымыз бен Асылы Османдай аналарымыз елпілдеп келді. Концерттен күшті әсер алдық. 

Қой, мен көп сөйлемейін, суреттерім сөйлесін. Жақсы тамашалауларыңызға тілектеспін!

 

P.s. Маған екі концерт аз болды-ау деймін, тағы болса ма...

АЛМАТЫ

Алматы


Яндекс.Метрика